Ақжар ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 136 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 маусымда N 13-4-122 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.08.2016 № 208 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжар ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2012.09.17 N 305 Қаулысымен (алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады