"Ақжар ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Ақжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі N 305 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 қазанда N 1907 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.08.2016 № 208 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-1) және 14-3) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақжар ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 136 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2011 жылғы 07 маусымда № 13-4-122 тіркелген, 2011 жылғы 02 шілдеде № 27 "Ақжар-хабар" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      "1. Ақжар ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады