Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 107 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Р. Рамазановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Бегманов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 107 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 358 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2015 жылғы 20 қарашадағы № 3469 бойынша тіркелген, 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мағжан жұлдызы" № 50 аудандық газетінде, 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Вести" № 50 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 395 "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарынанықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 3524 бойынша тіркелген, 2016 жылғы 8 қантардағы "Мағжан жұлдызы" № 2 аудандық газетінде, 2016 жылғы 8 қантардағы "Вести" № 2 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 411 "2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 3581 бойынша тіркелген, 2016 жылғы 29 қантардағы "Мағжан жұлдызы" № 6 аудандық газетінде, 2016 жылғы 29 қантардағы "Вести" № 6 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады