Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 358 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада N 3469 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 107 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жұмыс орындарына:
      1) жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін;
      2) жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған тұлғалар үшін;
      3) жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін квота белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 120 "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2013 жылғы 15 мамырдағы № 2287 тіркелген, 2013 жылғы 24 мамырдағы аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде, 2013 жылғы 24 мамырдағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Ш. Рамазановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қзақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әкімі
А. Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады