Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімиятының 2008 жылғы 20 тамыздағы № 222 қаулысы. Атырау облысы Жылыой ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қыркүйекте № 4-2-96 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 163 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 163 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 08.01.2016 N 4 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сагиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі С. Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады