"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" аудандық әкімиятының 2008 жылғы 20 тамыздағы № 222 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-96 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қыркүйекте "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Ж. Ахметов |