"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47/260 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 24 ақпанда № 3600 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 4/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 24.05.2016 № 4/25 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2484 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Алғабас" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "7) туберкулез ауруының жұқпалы түрi бар азаматтарға біржолғы 10 айлық есептік көрсеткiш, 12 айға ай сайын бөлініп төленсін;".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Сессия төрағасы: Б.Қалаубай
      Мәслихат хатшысы: С.Спабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады