Қазығұрт ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 мамырдағы № 39 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Т.Т.Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 мамарыдағы
№ 39 қаулысына қосымша

Қазығұрт ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 314 "Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2797 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2014 жылы 12 қыркүйекте жарияланған);
      2. Қазығұрт ауданы әкімідігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 587 "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2015 жылы 13 ақпанда, 20 ақпанда, 27 ақпанда, 3 наурызда жарияланған);
      3. Қазығұрт ауданы әкімідігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 5 "Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3053 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2015 жылы 3 наурызда, 20 наурызда жарияланған);
      4. Қазығұрт ауданы әкімідігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 13 "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3026 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2015 жылы 3 наурызда, 20 наурызда жарияланған);
      5. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 249 "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 587 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3316 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2015 жылы 21 тамызда жарияланған);
      6. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 28 "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 587 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3582 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінде 2016 жылы 24 ақпанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады