"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 09.02.2015 № 21 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибадуллаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Полатов |
Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
1 | Отырар ауданы | 1870 | 1450 | 480 |
Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
18375,8 | 12122,4 |
Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 3-қосымша |
Ата – ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
337,35 | 7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.