Шардара ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 8 маусымдағы № 243 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шардара ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының қабылдануына орай, қолданыстағы заңнамаға сай тиісті жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
      Аудан әкімі А.Абдуллаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
08 маусым 2016 жылғы
№ 243 қаулысына қосымша

Шардара ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 51 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3025 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 7-8 (620) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;
      2. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 246 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3221 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 03 шілдедегі № 28 (637) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;
      3. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 75 "Шардара ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 29 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 14 (675) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады