"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 271 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2704 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде "Шартарап Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Айтуреев |
Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "15" маусымдағы № 246 қаулысына қосымша Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "5" маусымдағы № 271 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
18375,8 | 7021,9 |