"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі N 223 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3681 болып тіркелген, 2015 жылғы 16ақпандағы № 19 (17108) "Дидар", 2015 жылғы 14 ақпандағы № 18 (19617) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады