РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17, 164-баптарына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "3" ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) мемлекеттік сатып алу және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.14. Міндеттері:
мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;
2) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
4) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
5) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
6) заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы қуыным жолдайды;
7) мемлекеттік сатып алу мониторингісі мен уәкілетті орган ретінде облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асырады;
8) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
9) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
10) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды;
11) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын анықтау жөнінде конкурс өткізеді;
12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
13) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
14) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;
15) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алуды жүзеге асырады;
16) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда), оның ішінде оны жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
18) облыстық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
19) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
20) облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, жекешелендiру объектiлерін бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiлерінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
21) облыстық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
22) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
23) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;
24) коммуналдық меншiкке берiлетiн мемлекеттiк емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкi ( акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктертіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінен басқа) бойынша сыйға тарту туралы шешiм қабылдайды және шарт жасайды;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Басқарманың құқықтары:
1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарауына енгізу;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттілігі шеңберінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;
3) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Басқарманың міндеттері:
1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер беру;
2) заңды және жеке тұлғалар ресми сұраған жағдайда өз құзіреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;
3) Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
4) Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.18. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асыру және оларға тәртіптік жаза белгілеу;
Басқарманың актілеріне қол қою;
мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басқарма басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.