Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірде № 313 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 - бабы 2 - тармағына, 27 - бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  2016 жылғы " 21 " сәуір № 313
әкімдіктің қаулысына қосымша

Риддер қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2013 жылғы 16 маусымдағы № 542 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 болып тіркелді, 2013 жылғы 06 қыркүйекте № 52 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      2. "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3035 болып тіркелді, 2013 жылғы 06 қыркүйекте № 52 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      3. "2016 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1152 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 52 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).
      4. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 52 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады