Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 73 "Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (2016 жылы 04 ақпанда аудандық "Тарбағатай" газетінің № 12 (8011) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.К. Ескендировқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Оразбаев |