2014 жылғы 27 маусымдағы № 652 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы N 1 қаулысы

       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2014 жылғы 27 маусымдағы № 652 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 3416 нөмірімен 2014 жылдың 25 шілдесінде тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 69 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
      Ұлаң ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады