Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 ақпанда № 3424 болып тіркелді/ Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 42 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2013 жылғы 14 қаңтардағы № 10
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында
инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) облыстық бюджет есебінен Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды енгізу мен тарату үшін іріктеуді ұйымдастыру және инновациялық жобаны енгізу мен тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 54 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 2 тармағының 10-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағының 4) және 5) тармақшаларына, "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
      3. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде (бұдан әрі - АӨК) қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      3) бағдарлама – "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" 019 бюджеттік бағдарламасы;
      4) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларымен облыстың АӨК инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны басқару қызметі жүктелген АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы (бұдан әрі - Бағдарлама әкімшісі);
      5) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
      6) инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Батыс Қазақстан облысының АӨК инновациялық жобаларды енгізу бойынша іс-шаралар кешені (бұдан әрі - іс-шара);
      7) өтінім – осы Қағиданың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
      8) өтінім беруші – Бағдарлама әкімшісіне өтінімді берген, осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
      4. Инновациялық жобаларды іріктеу АӨК мына салалық бағыттары бойынша іске асырылады:
      1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин);
      2) мал шаруашылығы және ветеринария;
      3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
      Аймақтың АӨК саласының қажеттіліктеріне орай іс-шараларды сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басым бағыттар анықталып, солардың аясында іріктеулер жүргізіледі.

2. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі

      5. Бағдарлама әкімшісі конкурс өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтында іс-шараларының өтінім берушілер арасында іріктеу жүргізілетіндегі туралы хабарландыру жариялайды.
      Хабарландыруда өтінімдерді тапсыру мерзіміне қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты көрсетіледі.
      6. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтінім берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба;
      3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары;
      4) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы;
      5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;
      6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      7) заңды тұлғалар үшін:
      заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтаманың немесе куәліктің түпнұсқасы;
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі түпнұсқа анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған реттерді қоспағанда);
      өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
      ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;
      8) жеке тұлғалар үшін:
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе барлығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
      7. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес рәсімделген, іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды өтінім беруші бірыңғай папкаға жинақтап, парақтарын нөмірлеп, мөр басылған конвертте ұсынады.
      8. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.
      9. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткен соң, бес жұмыс күні ішінде Бағдарлама әкімшісімен өтініштерді алдын-ала іріктеу жүргізіледі.
      Алдын-ала іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның осы Қағиданың талаптарына сай болуы;
      2) іс-шаралардың өңірдегі АӨК дамытудың басым бағыттарына сай келуі.
      10. Өтінім мына жағдайда бас тартылады, егер:
      1) өтінім беруші ақпараттарды толық емес, дәйексіз ұсынса немесе өтінім құжаттары осы Қағиданың талаптарына сәйкес рәсімделмесе;
      2) инновациялық жоба іске асырылатын орын облыс аумағынан тыс жерде орналасқан болса;
      3) өтінілген іс-шара облыстың АӨК дамуының басым бағытына жатпаса;
      4) өтінім беруші – АӨК субъектісі бұрын инновациялық жоба шеңберінде қаржы алған, бірақ іс-шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылған болса.
      11. Өтінім қабылданбаған жағдайда тапсырылған құжаттар өтінім берушіге негіздемесі көрсетіле отырып қайтарылады.

3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру

      12. Бағдарлама әкімшісі облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілетін, құрамына мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілді органдардың (келісім бойынша), тәуелсіз сарапшылардың (келісім бойынша) өкілдерін енгізіп, инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      13. Комиссия тұрақты қызмет жасайтын коллегиялық орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық ұстанымында ұйымдастырады. Комиссияның жалпы құрамы кемінде бес адамды құрайды.
      14. Бағдарлама әкімшісі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      15. Комиссия отырысының өтетін күні жөнінде өтінім берушіні хабардар ету, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті құжаттарды дайындау және отырыс өткеннен кейін хаттамасын рәсімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      16. Комиссияның отырысы оның жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

4. Өтінімдерге кешенді баға беру және іріктеу

      17. Комиссия өтінімдері алдын-ала іріктеуден өткен инновациялық жобалар бойынша өтінімдерге кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Комиссия кешенді бағалауды мынадай критерийлер бойынша жүргізеді:
      1) сұралатын қаржыландырудың негізділігі;
      2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржыландыру көлемінің және басқа да параметрлерінің осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;
      3) іс-шаралардың өңірдің АӨК дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;
      4) өтінім берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;
      5) өтінім берушілердің біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.
      18. Өтінімді кешенді бағалау жүргізу барысында комиссия өтінім берушілерден түсініктеме беретін ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде, тиісті біліктілігі бар басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      19. Өтінімдері кешенді бағалаудың теріс қорытындысын алған өтінім берушілерге, Бағдарлама әкімшісі Комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде, бас тарту себептерін көрсете отырып, ресми хат жолдайды.
      20. Комиссияның қаржы беру туралы оң шешімі Бағдарлама әкімшісі үшін іс-шараларға бөлінген қаржы есебінен қаржыландыруға негіз болып табылады.
      21. Бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде инновациялық жоба туралы шарт жобасына қол қояды және конкурс жеңімпазына жолдайды. Инновациялық жоба туралы шарт жасау мерзiмi, жобаны конкурс жеңімпазына жіберген күннен бастап, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

5. Қаржыландыру және қаржыны игеру

      22. Қаржы конкурс жеңімпазына іс-шараларды іске асыру жоспарына сәйкес төленеді. Төлем тәртібі және нысаны шарттың талаптарымен қарастырылады.
      23. Қаржы қатаң түрде шартта қарастырылған нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылады. Бір іс-шараны іске асыруға сұралған қаражаттың сомасы бір жылға 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден аспауға тиіс.
      24. Конкурс жеңімпазы іс-шаралары төлемдерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      25. Қаржылар инновациялық жобаға қатысушы тараптардың бұрыннан бар салықтық берешектерін жабуға пайдаланылмайды.
      26. Негізгі құрал-жабдықтарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдар, іс-шаралар нәтижелерін кеңінен таратуға арналған басқа шығыс материалдарын (жанар-жағармай материалдары, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер, басқалар) сатып алуға, ғимараттары мен құрылыстарын ұстауға байланысты шығындар іс-шараларды іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің жеке қаржылары есебінен жабылады.
      27. Инновациялық жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығындардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында Бағдарлама әкімшісі қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып, ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы актілерін өтінім беруші үш данада жасайды және Комиссиямен бекітіледі.
      Іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қажет болған ретте, конкурс жеңімпазы жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдары өкілдерінің іс-шаралар іске асырылып жатырған объектілерді кедергісіз қарауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың ресми сұрауы бойынша іс-шараларды іске асыруға тікелей қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.

6. Қорытынды ережелер

      28. Алынған бюджеттік қаржы мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда, осы қаржы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.

  Батыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешен
саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына
1-қосымша

Өтінім нысаны

1.
Тіркеу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады)
 
2.
Іс-шараның атауы
 
3.
Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу саласы (кіші саласы)
 
4.
Іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі)
 
5.
Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)
 
6.
Жобаның басталу және аяқталу күні
 
7.
Сұралатын қаражаттың сомасы (теңгемен)
 
8.
Өтінім берушінің атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы
 
9.
Өтінім берушiнiң байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы
 
10.
Инновациялық жобаның басшысы (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері), (қызметі, телефон, факсы, электрондық поштасы көрсетіледі)
 
11.
Инновациялық жобаны іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефон, факсы, электрондық поштасы
 

  Батыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешен
саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына
2-қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба

      1. Инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараның атауы.
      2. Іс-шараның іске асырылатын жері: елді мекен.
      3. Іс-шараның мақсаты және міндеттері (1 беттен көп емес).
      4. Негізгі өтінім берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және іс-шараларға қатысушы АӨК саласы субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспайды):
      толық атауы;
      негізгі өтінім беруші мен іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілері қызметтерінің сипаттамасы;
      негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса);
      осы іс-шара шеңберінде басқа жобаларды іске асырғаны туралы ақпарат.
      5. Іс-шараларды негіздеу: өндірістің осы сегментіндегі проблемалар, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отырып. Іс-шараны іске асырудың маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңірдің АӨК технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).
      6. Іс-шараларды іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында тексеруден өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әрбір жұмыстың мақсаты, мазмұны, ұзақтығы, күтілетін нәтижелері, ресурстарға сұранысы, соның ішінде іс-шараларды іске асыруға қатысушы АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымының әдіснамасын келтіру қажет (2,5 беттен көп емес).
      7. Нәтижелілігі: іс-шараның сандық және сапалық көрсеткіштері. Өтінім берушінің ұсыныстарында еңбек өнімділігін жақсартуға ықпал етуге нақты нәтижелер, өндіріс және аудан (облыс) экономикасына тиімділігі қамтылуы тиіс.
      Іс-шараны қолданысқа енгізудің бұрынғы технологияларға қарағанда экономикалық тиімділігінің сипаттамасы, іс-шаралардың аймақтық АӨК даму көзқарасынан аграрлық нарықтағы жағдайдан іс-шараның орынды екенін негіздеу қажет (1,5 беттен көп емес).
      8. Экологиялық бағалау іс-шараны іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерін (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз) қамтуы тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді жеңілдету үшін не істелетіндігі көрсетілуі қажет (0,5 беттен көп емес).
      9. Тәуекелдер: іс-шараны табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді жеңіп шығу шаралары (0,5 беттен көп емес).
      10. Жобаның өмірге икемділігі: инновациялық жоба шеңберінде қаржыландыру аяқталғаннан кейін іс-шараны іске асыруға қатысушы АӨК субъектілері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен көп емес).

  Батыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешен
саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына
3-қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары (атауын көрсету керек)

Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

      

Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 

  Батыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешен
саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидасына
4-қосымша

Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының
сметасы (атауын көрсету керек)

            мың теңге


Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Еңбек ақы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Іс-сапар шығындары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.
Кеңсе шығындары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.
Көлік шығындары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.
Басқа шығындар (көрсетілсін)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.
Тікелей шығындар жинағы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7.
Қосымша шығындар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлығы:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Ескертпе: Іс-шараны әр жылдарда iске асыру бөлек көрсетiледi.
      Ескертпе: Өтінім берушінің өз қаражатынан және бюджеттік қаражаттардан қаржыландыратын шығындар бөлек көрсетіледі (бар болғанда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады