Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 36-баптарына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8-тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 22 ақпандағы №01-13/47 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың 5 тамыздағы №4 "Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің Фазыл орны қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3968 тіркелген, 2015 жылдың 11 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Ауылдық округ әкімі | А.Жакупова |