Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің Фазыл орны қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жанақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 3968 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.02.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 241 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің Фазыл орны қыстағы аумағында ұсақ малдардың арасынан жұқпалы эпидидимит ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Шабаков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі А. Жакупова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады