1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Залмұқановқа жүктелсін.
Аудан әкімі | К. Жақыпов |
2016 жылғы 5 тамыздағы № 577 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Зеленов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Зеленов ауданы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3875 тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы;2. "Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4276 тіркелген, 2016 жылғы 4 наурыздағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 913 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 тіркелген, 2015 жылғы 2 қаңтардағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы.