Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. "Зеленов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Аманғалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жақыпов |
Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 232 қаулысына қосымша |
Зеленов ауданы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс
жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері | Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері | |
ІІІ құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 2015 жылғы 25 сәуір | 2015 жылғы 5 мамыр |
2. | Сұлы | 2015 жылғы 25 сәуір | 2015 жылғы 5 мамыр |
3. | Жаздық бидай | 2015 жылғы 15 мамыр | 2015 жылғы 25 мамыр |
4. | Күнбағыс | 2015 жылғы 5 мамыр | 2015 жылғы 10 мамыр |
5. | Тары | 2015 жылғы 20 мамыр | 2015 жылғы 25 мамыр |
6. | Күздік бидай | 2015 жылғы 15 тамыз | 2015 жылғы 10 қыркүйек |