Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" № 452 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 30 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңын басшылыққа алып, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2014 жылдың 19 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" №452 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3773 тіркелген, 2015 жылғы 16 ақпандағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды алу аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері А.Тасжановаға тапсырылсын.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Берденовке жүктелсін.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Н.Құтхожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады