"Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 206-1105 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүргізу;

      22) басқару органдарынан тізілімді жүргізу үшін қажетті қосымша мәліметтерді немесе құжаттарды сұрату.".

      2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады