Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 180-1675 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 951 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазандағы № 116 (3321) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 17 қазандағы № 116 (3339) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын әзірлеу;
31) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушысы болу;
32) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
33) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру.".
2. "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |