Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
"19) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау;
20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау.".
2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен күшіне енеді
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |