"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық peттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 900 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 547 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 69 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.02.2019 № 69 бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық peттеу және метрология комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 900 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18. осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:

      "53) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу.";

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы бұйрыққа 1-қосымша сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 11, "Эталон орталығы" ғимараты.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 030007, Ақтөбе қаласы, Киселев көшесі, 1 "Б".";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 040008, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 295.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 090006, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116-үй.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 080000, Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, 27.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 160.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мекемесінің ережесі";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Түркістан облысы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, сәйкестікті бағалау саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады."

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Департаменттің толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Туркестанской области".;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 161200, Түркістан қаласы.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 140007, Павлодар қаласы, Академик Сатпаев көшесі, 136.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан орны: 150000, Петропавл қаласы, Ульянова көшесі, 56.";

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар
және даму министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 547 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелерінің тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 547 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
18-қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Шымкент қаласы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, сәйкестікті бағалау саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.

      4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісімен Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің жауапты хатшысымен бекітіледі.

      7. Департаменттің толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде – республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по городу Шымкент".

      8. Департаменттің орналасқан орны: 160013, Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 148.

      9. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.

      10. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

      12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеті: техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында бақылау.

      14. Департаменттің функциялары:

      1) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;

      2) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

      4) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беру;

      7) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы құжат беру;

      8) өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының (Кимберлий процесінің сертификаты) сертификатын беру;

      9) асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      10) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

      11) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру.

      15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Департамент қызметiн ұйымдастыру

      16. Департаментті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

      17. Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.

      18. Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. Осы мақсаттарда Басшы:

      1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне өз орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жаза береді және көтермелеу шараларын қолданады;

      4) Департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) Департамент бұйрықтарына қол қояды;

      6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Департаменттің мүлкі

      20. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      21. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады