"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 403 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 22 тамыздағы № 911 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.08.2019 № 911 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына және "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комитеттің заңды тұлға болып табылатын республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.";

      15-тармақтың 61) тармақшасы алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      21-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңнамаға сәйкес мыналарды:

      Комитет қызметкерлерін;

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттері басшыларының орынбасарларын;

      Облыстар және Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармаларының басшыларын;

      Облыстар бойынша қазынашылық департаменттерінің ведомстволық бақылау қызметінің басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттері туралы, облыстар және Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары туралы ережелерді бекітеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) белгіленген тәртіппен облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Бірінші орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады