"Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мен "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес өткізу актісі.

      2. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      3. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында тіркеуді;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Мәдиевке жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/90 қаулысына
1 қосымша

"Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, агроөнеркәсіптік кешен және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303.

      9. Толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление предпринимательства и инвестиций города Алматы".

      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Басқарманың қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаттары, негізгі
міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және инвестицияларды тарту үшін жайлы және қауіпсіз бизнес-орта құру.

      14. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты – ШОБ үлесін көбейту, инвестицияларды тарту және экономиканың салаларын әртараптандандыру есебінен экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      15. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдау;

      2) инвестициялық ахуалды жақсарту – әкімшілік кедергілерді төмендету, ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну, бизнес үшін қаржылық ресурстарға қолжетімділікті арттыру, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, уәкілетті органдар қызметінің айқындылығы үшін цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шараларды іске асыру;

      3) кәсіпкерлік инфрақұрылымын (Индустриялық аймақ, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "АТП" АЭА), технопарктер, коворкинг орталықтары) дамыту;

      4) жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларға инвестициялар тарту;

      5) экономика салаларын әртараптандыру және нарықтың сыйымдылығын, оның ішінде туризмді дамыту есебінен арттыру;

      6) халықтың әлеуметтік тобы үшін ішкі нарықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен молықтыру;

      7) эпизоотиялық және санитариялық-ветеринариялық саулыққа және жануардан алынатын өнімнің қауіпсіздігіне қол жеткізу;

      8) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және нығайту.

      16. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленді:

      1) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру және орындау;

      2) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру;

      3) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізу;

      4) қолданыстағы кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамытуда көмек көрсету және Алматы қаласының Индустриалды аймағы, "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "АТП" АЭА), коворкинг орталықтары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, акселераторлар және т.б. секілді жаңа инфрақұрылым құру бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) арнайы аймақтар аумағында инвестициялық жобалардың уақтылы іске қосылуын бақылауды жүзеге асыру;

      6) шығарылатын өнім түрлерін кеңейту бойынша кәсіпорындарға қолдау көрсету және Алматы қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде өндірістің жаңа түрлерін игеру;

      7) Алматы қаласының жергілікті қамтуын бақылау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      8) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын бағыттар бойынша жобалық басқаруды іске асыруға қатысу;

      9) Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру;

      10) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      11) әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияларды қажет ететін жобаларды анықтау және тиісті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету;

      12) инвесторларды қаланың инвестициялық мүмкіндіктері және ұсыныстары туралы, оның ішінде, интернет-ресурстар, БАҚ, тарату материалдары және т.б. арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету;

      13) бизнес-көшіп келушілерді шақыруды ресімдеу үшін қолдаухат беру;

      14) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілерге уақытша тұруға берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға немесе қысқартуға қолдаухат беру;

      15) комиссия құру және оның жұмысына, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Іскерлік және Сараптау кеңестерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу;

      16) құзыреті шегінде меншік түріне қарамай сауда, оның ішінде, көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, нарықтардың қызметі, қызмет көрсету саласы мен тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;

      17) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және олардың рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын бекіту бойынша функцияларды жүзеге асыру;

      17-2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      17-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      18) ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тұтыну нарықтарына қол жеткізуі және азық-түлік тауарларын өткізушілердің бәсекелестік ортасын кеңейту үшін (жәрмеңкелер, көрмелер және т.б.) қолайлы жағдайлар жасау;

      19) көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу;

      20) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

      21) азық-түлік қауіпсіздігінің, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарының жағдайына мониторинг жүргізу;

      22) кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша органдармен, ұйымдармен Меморандумдар (келісімдер) әзірлеу және жасасу;

      23) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы Сауда қызметінің жұмысын, Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы Сауда қызметі туралы Ережесімен белгіленген негізгі міндеттері мен функцияларын ұйымдастырады;

      24) берілген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау, рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау, лицензиялау және хабарламалар мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органымен және өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      25) қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беруге ұсынылатын өтініштерді қабылдау және қарау, сондай-ақ "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттілігіне сәйкес қызметтің кейбір түрлерінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдау;

      26) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      27) акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) тапқан таза табысты бөлу және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бөлігін) акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап, он күн ішінде аударуы туралы уақытында шешім қабылдау;

      28) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін жергілікті атқарушы орган белгілеген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдау;

      29) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін етуіне және оларды басқару тиімділігіне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу;

      30) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

      31) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдар орналастыратын акциялардың төлемін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлесін салу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерін салуды жүзеге асырады;

      32) жергілікті атқарушы органның атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруда мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқығын жүзеге асыру;

      33) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) сайлау үшін кандидатуралар ұсыну және жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамын қалыптастыру;

      34) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобалардың және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыру;

      35) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күресу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;

      36) агроөнеркәсiптік кешенсаласында мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      37) қала халқының денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;

      38) жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу;

      39) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      40) қала аумағын басқа өңірлерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының келуінен және таралуынан қорғау;

      41) карантин жариялау немесе алып тастау не шектеу іс-шаралары туралы әкімге ұсыныстар енгізу;

      42) ауыл шаруашылығы (санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу) және үй жануарларын күтіп ұстау қағидаларын, қаңғыбас жануарларды аулау және жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      43) көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру үшін ашықтық және есептілік қағидаттарында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      44) қызметтің тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындылығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;

      45) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      46) кәсіпкерлердің уәкілетті органдармен өзара іс-қимылына "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қатысуы;

      47) әйелдерге менеджмент және кәсіпкерлік салаларында қолдау көрсету;

      48) іс-шаралар (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т.б.) ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсету;

      49) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      50) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінеқатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін құжаттарды, өтініштерді қарау және олар бойынша тиісті жауаптар, ақпараттар мен талдамалық материалдар дайындау;

      51) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16 тармақ 17-2) және 17-3 тармақшалармен толықтырылды - Алматы қаласы әкімдігінің 04.11.2021 № 4/558 қаулысымен.

      17. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

      2) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;

      3) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;

      4) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;

      5) кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және ветеринарияны дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңесші органдарды құруға бастама жасау;

      6) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражаттар шегінде "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат берілген бақылауды және хабарламалар бойынша бақылауды жүзеге асыру;

      8) қала өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыратын өкілеттіктерге сәйкес өткізілетін кеңестерді, жәрмеңкелерді, көрмелерді, форумдарды ұйымдастыру және оларға қатысу;

      9) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 56 бабымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;

      10) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауаптылықта болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      20. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.

      21. Басшының өкілеттіктері:

      1) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) өзінің орынбасарларының және "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;

      4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      6) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      8) лицензияларға және оларға берілетін қосымшаларға, сондай-ақ лицензиялау мәселелері жөніндегі, оның ішінде электронды нысандағы бұйрықтарға, сондай-ақ осыларға байланысты өзге де құжаттарға қол қояды;

      9) өзінің өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;

      10) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедейтәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/90 қаулысына
2 қосымша

ТАПСЫРУ AKTICI

      Алматы қаласы

      2019 ж. "______ " ______________

      "Алматы қаласы Ауыл шаруашылыгы және ветеринария басқармасы" коммуналдык мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастырылуына байланысты барлық мүліктік құқық пен міндеттер "Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өтеді.

      Соның ішінде:

      негізгі құралдар – 319 423 643, 76 мың теңге.

      "Алматы каласы Ауыл шаруашылыгы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылатын "Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы" мекемелерінің тараптар дауласқан міндеттемелерді қоса, барлық кредиторларымен борышкерлеріне қатысты міндеттемелердің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Тапсырылды:

Қабылданды:

Алматы каласы Ауыл шаруашылыгы және ветеринария басқармасының басшысы
_______________А.Керімбек

Алматы каласы Кәсіпкерлік
және инвестиция басқармасы
басшысының міндетін уақытша
атқарушы
_______________Б.Наурзбеков

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/90 қаулысына
2 қосымша

ТАПСЫРУ AKTICI

      Алматы каласы

      2019 ж. "______ " ______________

      "Алматы каласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму баскармасы" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастырылуына байланысты, барлық мүліктік құқық пен міндеттер "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдык мемлекеттік мекемесіне өтеді.

      Соның ішінде:

      негізгі құралдар - 48821,6 мың теңге.

      "Алматы каласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылатын "Алматы каласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мен "Алматы қаласы Ауыл шаруашылыгы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің тараптар дауласқан міндеттемелерді қоса, барлық кредиторлары мен борышкерлеріне қатысты міндеттемелердің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Тапсырылды:

Қабылданды:

Алматы каласы Кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациалық даму басқармасының басшысы
_______________Б.Наурызбеков

Алматы каласы Кәсіпкерлік
Және инвестициялар басқармасы
Басшысының міндетін атқарушы
_______________Б.Наурызбеков
 


  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/90 қаулысына
3 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір алынып тасталған қаулыларының тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 2/279 "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы.

      2. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/567 "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/625 "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 2/279 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      4. Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 1/13 "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 2/279 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 4/538 "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/567 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады