2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 93 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 206/қе-қа бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты мүдделі лауазымды адамдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Р. Дәленов



Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

___________ К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі № 93
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 206/қе-қа бірлескен
бұйрығымен
бекітілді

2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына, сондай-ақ "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Халық санағын өткізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындықпен және оны өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссияға жүктелген.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар), сондай-ақ "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елде тұрақты тұратын респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), оның ішінде әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) және уақытша жоқ адамдар мен уақытша тұратындарды және (немесе) келушілерді қоса алғанда, әскери бөлімдер мен жабық әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында тұратын азаматтық халық (бұдан әрі – респондент) жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы ақпарат жинаудың мынадай екі әдісін пайдалана отырып өткізіледі:

      1) интервьюерлердің планшетті пайдалана отырып 2020 жылғы 1 - 30 қазан аралығында электрондық санақ парақтарын толтыру арқылы респонденттерге сауал салуы;

      2) халық санағының басталуымен қатар бір уақытта 2020 жылғы 1 - 15 қазан аралығында алғашқы күнтізбелік 15 (он бес) күнде халық санағы интернет желісі арқылы мамандандырылған "www.sanaq.gov.kz" сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп, электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.

2-тарау. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      4. Шекара қызметінің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, әскери оқу орындарында және құрылымдық бөлімшелерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында (бұдан әрі – ҚР ҰҚК объектілері) халық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) өткізеді.

      5. Халық санағын өткізудің толықтығы мен сапасын бақылау ҚР ҰҚК объектілерінің бастықтарына жүктеледі.

      6. ҚР ҰҚК-де мыналар:

      1) халық санағына дайындықпен және оны өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқамалық мәселелерді шешу үшін 2020 жылы ҚР ҰҚК объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді үйлестіру және жәрдемдесу жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия) құрылады. Орталық комиссияның құрамы ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) өзара іс-қимыл жасауды, жаппай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді, халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      2) халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін ҚР ҰҚК объектілерінде құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Халық санағы бойынша комиссия). Халық санағы бойынша комиссияның құрамы ҚР ҰҚК объектілері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.

      Халық санағы бойынша комиссия ҚР ҰЭМ СК аумақтық органдарымен (бұдан әрі – Департамент) өзара іс-қимыл жасауды, жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ҚР ҰҚК объектілерінде халық санағын ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі күнтізбелік жұмыс жоспарларын құруды, жауапты қызметкерлерді іріктеуді және оқытуды, 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аумақтық белгісі бойынша мекенжайларын, шекараларын көрсете отырып, контингенттер орналасқан объектілер тізбесін құруды және нақтылауды, халық санағын өткізу барысында бақылау іс-шараларын, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      7. ҚР ҰҚК объектілеріндегі халық санағы ҚР ҰҚК әскери қызметшілері арасынан Департаменттер өткізетін оқыту семинарларында халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша оқытудан өткен жауапты қызметкерлердің көмегімен жүргізіледі.

      8. Жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және интернет желісіне қосылатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

      9. Департамент жауапты қызметкерлерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша халық санағы аяқталған соң Департаментке қайтарылатын, 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электрондық санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге жиынтығында соққыға төзімді қорғау қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB-бауы, стилусы, портативтік зарядтау құрылғысы бар (жиынтығында Powerbank USB-бауы бар) планшеттер (бұдан әрі – планшеттер) береді, сондай-ақ халық санағын қағаз жеткізгіште өткізуге қажетті санақ құралдарын (бұдан әрі – санақ құралдары):

      1) санақ персоналына арналған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерді;

      2) халық санағынан өткені туралы анықтамалар бланкілерін береді.

      10. ҚР ҰҚК объектілерінде халықтың мынадай санаттары халық санағынан өтуге жатады:

      1) ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамы;

      2) әскери және басқа да оқу орындарының (училищелердің, мектептердің, курстардың, оның ішінде мамандандырылған факультеттер мен бөлімшелердің) ауыспалы құрамы;

      3) ҚР ҰҚК объектілерінің аумағында санақ өткізу кезінде тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтық халық пен басқа да адамдар (офицерлер, прапорщиктер, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері (келісімшарт бойынша), ұлттық қауіпсіздік органдарының мекемелері мен ұйымдарының жұмыскерлері).

      4) халық санағы кезінде ҚР ҰҚК тергеу изоляторларында отырған адамдар;

      5) ҚР ҰҚК объектілері орналасқан жерлерде тұратын азаматтық халыққа Департаменттермен келісу бойынша жауапты қызметкерлер сауал салу жүргізуі мүмкін.

      11. Тұрақты тұратын халыққа:

      1) сарбаздар, сержанттар, мерзімді қызмет старшиналары;

      2) офицерлік әскери лауазымдары жоқ әскери училище курсанттары мен жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушылары;

      3) кіру рұқсаты шектелген ҚР ҰҚК объектілері аумағында тұратын офицерлер, әскери қызметшілер мен келісімшарт бойынша қызметшілер;

      4) ҚР ҰҚК объектілері аумағында тұрақты тұратын азаматтық және басқа да адамдар жатады.

      12. ҚР ҰҚК объектілері аумағында уақытша тұратын халыққа:

      1) тұрғылықты тұратын жерінде кемінде 12 ай болмаған жағдайда, ҚР ҰҚК уақытша және арнаулы оқу орындары жанындағы қысқа мерзімді курстар мен жиындарда оқитын тыңдаушылар;

      2) халық санағы кезінде ҚР ҰҚК тергеу изоляторларында отырған адамдар жатады.

      13. ҚР ҰҚК объектілеріндегі халық санағы мынадай 2 кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық санағына жататын респонденттер тізімі жасалып, Департаментке беріледі.

      2) екінші кезеңде халық санағынан өтуге жататын респонденттерге сауал салу жүргізіледі және бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес планшеттерде немесе интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" сайтындағы электрондық санақ парақтары онлайн режимде толтырылады.

      Респондентке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыру үшін кадр қызметінен мәліметтер алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде халық санағынан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер "www.sanaq.gov.kz" сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторландырудан сәтті өткеннен кейін электрондық санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағының деректер базасына түседі.

      Алынған деректер планшетте VPN-арна болған жағдайда, деректердің жолдануы туралы белгімен (синхрондау күні мен уақыты) арнайы бөлінген қорғалған байланыс арнасы арқылы Халық санағының деректер базасына жіберіледі.

      Қашықта болуына немесе жергілікті жерлерде қолжетімді ұялы байланыс желісі нүктесінің болмауына байланысты алынған деректерді планшеттен жүктеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, деректер USB-бау арқылы Департамент қызметкерінің электрондық жеткізгішіне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады