Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 64 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 қаңтардағы
№ 64 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Жаңартылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығы (2016 жылғы 7 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 40 бұйрығы (2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 386 бұйрығы (2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4.

      5.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады