Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:

      1) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2024 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2024 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мынадай:

      1) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының;

      2) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 676 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігінің

      2023 жылғы 1 маусымдағы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2023 жылғы " "
№ бұйрығына
1-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2024 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2023 жылғы " "
№ бұйрығына
2-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.12.2023 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, (20 бірлік), С-О-1 санаты, 24-23-1, 24-24-1, 24-25-1, 24-26-1, 24-27-1, 24-28-1, 24-29-1, 24-30-1, 24-31-1, 24-32-1, 24-33-1, 24-34-1, 24-35-1, 24-36-1, 24-37-1, 24-38-1, 24-39-1, 24-41-1, 24-42-1, 24-43-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс және/немесе медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармаларының жұмысына жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және өзара тиімді іс-қимыл жасау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, (1 бірлік), С-О-1 санаты, 24-40-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс және/немесе медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Көліктегі департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелік басқармаларына жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады