"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 604 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына (Қазақстан Республикасы НҚА Эталонды бақылау банкінде 2020 жылғы 19 маусымда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      Жолдар, 5, 13, 16 және 18 реттік нөмірлер мынадай редакцияда жазылсын:

5.

C-SVU-5

Факультет бастығы

Ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

13.

C-SVU-8

Профессор, доцент

Ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы.
Бітіртіп шығаратын, сондай-ақ арнайы тактикалық даярлық, дене шынықтыру даярлығы, көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедраларының профессорлары, доценттері үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

1) құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


16.

C-SVU-9

Аға ғылыми қызметкер, оқытушы, оқытушы-әдіскер. Бас маман. Курс бастығының орынбасары

Жоғары білім. Аға ғылыми қызметкер үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Аға оқытушы үшін бітіртіп шығаратын, сондай-ақ арнайы тактикалық даярлық, дене шынықтыру даярлығы, көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедраларын қоспағанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

1) құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


18.

C-SVU-12

Оқытушы, оқытушы-әдіскер

Жоғары білім



      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (О.Ж. Жолдасов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады