Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 01.11.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 01.11.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. 2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 01.11.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі | Д. Ермаганбетов |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "03" желтоқсандағы № 317 қаулысына қосымша |
2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 01.11.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан%) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 212 | 3 | 6 |
2 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 194 | 3 | 6 |
3 | "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 2 | 2 |
4 | "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 60 | 2 | 1 |
5 | "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұтақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 | 1 |
6 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 3 | 4 |
7 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128 | 3 | 4 |
8 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | 2 | 1 |
9 | "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 52 | 2 | 1 |
10 | "Құмқұдық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 119 | 3 | 4 |
11 | "Комсомол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 2 | 2 |
12 | "ЕНБЕК - AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2 | 1 |
13 | "БУЛАК AГРO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |