Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 317 "2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасының атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота".
2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі | Д. Ермаганбетов |