"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      207 "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      106 "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "106 Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары";

      490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      285 "Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      032 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      065 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      085 "Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "085 Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      мынадай мазмұндағы 032 және 048 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар";

      472 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      085 "Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "085 Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      485 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", 487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" және 490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      085 "Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "085 Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      мынадай мазмұндағы 032 және 048 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар";

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      085 "Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "085 Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", 496 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" және 497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      085 "Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "085 Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      мынадай мазмұндағы 032 және 048 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады