Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы 24 сессиясының № 217 "Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 85 шешімі

      Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы 24 сессиясының № 217 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.".

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, ккесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкіміне беріледі.

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ақтоғай ауданының ауыл, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады