Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 938 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің қаулысына
  қосымша

      1. 1 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0027 гектар, оның ішінде Адильбек Жанабаевтың жер учаскесінде – 0,0013 гектар;

      2. 1 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0017 гектар, оның ішінде "Исткомтранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0017 гектар;

      3. 46 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – әуе желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0099 гектар, оның ішінде "Исткомтранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелерінде – 0,0030 гектар және 0,0033 гектар, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жер учаскесінде – 0,0012 гектар;

      4. 18 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – әуе желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0020 гектар, оның ішінде "Әскерилендірілген темір жол күзеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0012 гектар;

      5. 1 – орталық тарату қосалқы станциясынан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0094 гектар, оның ішінде "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының жер учаскесінде – 0,0003 гектар;

      6. 18 –жиынтық трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0018 гектар, оның ішінде "Логамин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0003 гектар;

      7. 5 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0260 гектар, оның ішінде "Қостанай темір жол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0176 гектар, В. В. Рябухиннің жер учаскесінде – 0,0015 гектар, "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жер учаскесінде – 0,0014 гектар;

      8. 2 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0061 гектар, оның ішінде "Кедентранссервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0003 гектар, "Vivat avto" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0019 гектар, № 158/6 тұрғын үйдің меншік иелерінің (Д.Г. Жугунов, А.М. Дамегулова, О.Е. Савоськина) жер учаскесінде – 0,0016 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады