Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 13 шiлдедегi № 160 және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шiлдедегi № 504-2474 бірлескен бұйрығы мен қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ережесінің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БҰЙЫРАДЫ және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мекемелерінде, ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулыны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулыны орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулы тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
_____________Н. Айдапкелов
      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі _________ А. Көлгінов

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы
басшысының
2021 жылғы "13" шілде № 160
бірлескен бұйрығымен және
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "14" шілде
№ 504-2474
қаулысымен бекітілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мекемелерінде және ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі – халық санағы), сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 27-р өкімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары енгізілген.

      3. Жоспарға және "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде адам саудасының құрбандарын оңалту орталықтарында; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында; балалар үйінде; дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатарда; жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда; мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарында; стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда; сәбилер үйінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында (соның ішінде түнде болу бөлімшелері мен мобильді әлеуметтік патруль қызметтері); тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарында; туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда; психоневрологиялық ұйымдарда; наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы медициналық ұйымдарда және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқа мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – мекемелер мен ұйымдар) тұратын және (немесе) келген респонденттер, уақытша жоқ адамдар мен уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді (бұдан әрі – респондент) қоса жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы:

      1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" сайтында онлайн режимде респонденттердің санақ парақтарын электрондық түрде толтыруы;

      2) 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдаланумен интервьюердің респондентке сауал салуы арқылы санақ парақтарын толтыруы арқылы жүргізіледі.

      4. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспардың 2-тармағына сәйкес құрылған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссияның басшылығымен өткізіледі.

2-тарау. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында халық санағын өткізу тәртібі

1-бөлім. Жауапты қызметкерлер

      5. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын тиісті мекеме мен ұйымдардың басшыларының бұйрығымен тағайындалатын халық санағын өткізу бойынша жауапты қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) өткізеді.

      6. Жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өткізетін оқыту семинарларында халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша оқытудан өтеді.

      7. Жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы

      8. Департамент 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге соққыға төзімді қорғаныс қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилус, портативті зарядтау құрылғысы (USB шнуры бар жиынтықта Powerbank) бар жиынтықта планшеттерді (бұдан әрі – планшеттер) жауапты қызметкерлерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырады, олар Департаментке халық санағы аяқталғаннан кейін қайтарылады. Сонымен қатар қағаз жеткізгіштерде халық санағын өткізуге қажетті санақ құралдарын тапсырады:

      1) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелер;

      2) халық санағынан өту туралы анықтамалар.

3-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері

      9. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:

      1) бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша санақтан өтуге жататын респонденттердің тізімі жасалады және Департаментке жіберіледі.

      2) екінші кезеңде санақтан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және планшеттерде немесе сайтында интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" сайтында онлайн режимде бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электронды санақ парақтарын толтыру жүргізіледі.

      Респондентке сауал салу мүмкін болмаған жағдайда, жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыруға мәліметті мекеменің және ұйымның әкімшілігінен алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер "www.sanaq.gov.kz" сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторландырудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда деректерді жөнелту туралы белгісімен (синхрондау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс каналы бойынша алынған деректерді жібереді.

      Қашықтыққа немесе орындарда ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктесінің болмауына байланысты планшеттен деректерді жүктеу мүмкін болмаған жағдайда, деректер USB шнур арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне түсіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады