Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мен "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.".
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны жариялау үшін қол қойылған күннен бастап, күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сағынтаев |