Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6/2 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 7/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 18.10.2023 № 7/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген:

      1-тармақ жана редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысындағы (әрі қарай - облыс) көші-қон процестерін реттеудің үлгілік тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынынан асып кеткен кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады