Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 7/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 7600-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2023 жылғы
  18 қазандағы № 7/10 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген).

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 26/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6/2 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады