"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 179 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 87/қе бірлескен бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 179 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 31 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Агенттіктің және Комитеттің төрағаларының орынбасарларына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов
      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің төрағасы
Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады