Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 210 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мекеме туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.

      4. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының "Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып өзгертілсін және әділет органдарында қайта тіркеуден өткізілсін.

      5. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың жарғысын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.

      6. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін:

      1) басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі;

      4) қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

      5) ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі;

      6) қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі;

      7) талдау және мониторинг бөлімі;

      8) этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім;

      9) ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімі;

      10) жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімі.

      7. Осы қаулының 3-косымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      8. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" және "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі М. Досмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

      4) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту;

      6) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;

      тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;

      2) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      4) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды облыстық әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырады;

      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      7) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор арқылы гранттар береді;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат береді;

      11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ұйымдастырады;

      12) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

      13) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

      14) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

      15) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

      16) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

      17) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

      18) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Басқарманың қарамағындағы серіктестіктердің тізбесі

      1. "Атырау - Ақпарат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2. "Атырау - Жас отау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
  № 210 қаулысымен бекітілген

Табыстау актісі

      1. Осы актімен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 46, 47-баптарына сәйкес "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқорлық бойынша барлық құқықтары мен міндеттемелерінің "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілуін растаймыз.

      2. Қосу жолымен қайта ұйымдастырылған "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтер мен пассивтер беріледі:

Активтер


Сомасы (мың.теңге)

І.Қысқа мерзімді активтер



Ақшалай қаражаттар

010

126 382,0

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

011


Қысқа мерзімді

012


Қорлар

013


Ағымдағы салық активтері

014


Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015


Басқа да қысқа мерзімді активтер

016


Қысқа мерзімді активтер жиынтығы

100

126 382,0

ІІ.Ұзақ мерзімді активтер



Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар

020


Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021


Үлестік қатысу тәсілімен ескерілетін инвестициялар

022


Инвестициялық жылжымайтын мүлік

023


Негізгі құралдар

024

21 103,6

Биологиялық активтер

025


Барлау және бағалау активтері

026


Материалдық емес активтер

027

1 441,0

Кейінге қалдырылған салық активтері

028


Басқа да ұзақ мерзімді активтер

029


Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы

200

22 544,6

Теңгерім (стр.100+стр.200)


148 926,6

ІІІ.Қысқа мерзімді міндеттемелер



Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

030


Салықтар бойынша міндеттемелер

031


Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер

032


Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер

033


Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

034


Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

035


Қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығы

300


ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер



Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

040


Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер

041


Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

042


Кейінге қалдырылған салықтық активтері

043


Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер

044


Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы

400


V.Капитал



Жарғылық капитал

050


Төленбеген капитал

051


Сатып алынған меншікті үлестік құралдар

052


Эмиссиялық табыс

053


Резервтер

054


Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)

055


Пайда жиынтығы (залал жиынтығы)

056


Жинақталған қаржылық нәтиже

412


Таза активтер/капитал жиыны

500


Теңгерім (стр.100+ стр.200)


148 926,6

      "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі теңгерімінен "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі теңгеріміне тапсырылатын жабдықтар (2021 жылдың 1 қыркүйегіне) ТІЗІМІ

"Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Активтер


Ғимараттар (Қызметтік пәтер, Атырау қ. Нұрсая ықшам ауданы 61 үй, 5 пәтер)

1

Машиналар мен жабдықтар

24

Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы

70

Көлік құралдары

1

Өзге негізгі құралдар

1

Материалдық емес активтер

4

Барлық активтер

101

Материалдар мен өнімдер (теңге)

-

Шаруашылық тауарлары

-

Отын, жанар-жағармай (ЖЖМ)

-

Басқа да материалдар

-

Барлық материалдар мен өнімдер

-

      Тапсырды:

      "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      Басқарма басшысының у.м.а.: __________________ А. Ахметов

      Бас маман-есепшінің м.а.: ________________ Д. Нығымет

      Қабылдады:

      "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      Басқарма басшысы: __________________ Қ. Әзмұханов

      Бас маман: ________________ А. Алибаева

  Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 3-қосымша

Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №220 "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 2-тармағы;

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №24 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мәселелері туралы" қаулысы;

      3. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы №199 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №220 "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы"" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;

      4. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №238 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы туралы" қаулысы;

      5. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №288 "Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №220 "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;

      6. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №94 "Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №220 "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;

      7. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №57 "Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №24 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мәселелері туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;

      8. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы №121 "Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №238 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;

      9. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі №81 "Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №238 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;

      10. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы №86 "Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №24 "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мәселелері туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы;

      11. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №126 "Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №220 "Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;

      12. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі №143 "Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысының 1, 4-тармақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады