Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 3-2-VII "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |