Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 22 шілдедегі № 122 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабына, 69 бабының 4 тарамағының 6 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы №15 қаулысына сәйкес,Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азамат Еркин Султанкереевич Медеуовке, Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі аумағындағы "Куб" тоғаны су айдынында балық шаруашылығын жүргізу үшін жалпы көлемі 37 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2071 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданы әкімі: А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады