2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1675 қаулысы. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1090 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 27.12.2023 № 1090 қаулысымен (алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 104546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Қ. Шәкәрімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Нұрсағатов

  Қала әкімдігінің
2022 жылғы "29" қарашадағы
№ 1675 қаулысына
қосымша

2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №    

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1.

"Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты" акционерлік қоғамы

418

1

4

2.

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы

132

1

1

3.

"Қаражыра" акционерлік қоғамы

563

1

6

4.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 1 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

411

1

4

5.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

1008

1

10

6.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

650

1

7

7.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

252

1

3

8.

"Санаторий "KARAGAILY" Семей медициналық әлеуметтік мекемесі

75

1

1

9.

"Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесі

535

1

5

10.

Абай облысы білім басқармасының "Геологиялық барлау колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

200

1

2

11.

Абай облысы білім басқармасының "Электротехникалық колледж" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

154

1

2

12.

Абай облысы білім басқармасының "Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

141

1

1

13.

Абай облысы білім басқармасының "Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

158

1

2

14.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

630

1

6

15.

Абай облысы білім басқармасының "М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

153

1

2

16.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының "Семей қаласындағы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы

234

1

2

17.

"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы

210

1

2

18.

"Сем Аз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

400

1

4

19.

"Технология Комфорта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

245

1

2

20.

"Семей Құрылыс Материалдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

242

1

2

21.

"Алфом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

86

1

1

22.

"Казполиграф" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

635

1

6

23.

"Daewoo Bus Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

86

1

1

24.

"Эйкос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

495

1

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады