Семей қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1090 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1674 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174837 болып тіркелген);

      "2023 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1675 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174641 болып тіркелген);

      "2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1676 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174640 болып тіркелген).

      2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Е. Базарбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Нұрсағатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады