2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамына кабельді желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін, Балқаш қаласы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 20А орналасқан, ауданы 0,0100 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Капашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | Қ. Камзин |