Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 28.02.2024 № 17/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиында кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "10" маусымдағы № 242 шешіміне 1-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің (одан әрі – Осакаровка кенті) аумағында кент тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Осакаровка кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер болып бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында саны үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Оскаровка кенті көшелерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің өкілдері сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Осакаровка кентінің әкімі шақырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Осакаров кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.
7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Осакаровка кентінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Осакаровка кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Осакаровка кентінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйдің кемінде он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Осакаровка кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Осакаровка кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Осакаров кентінің көшесі, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің үміткерлерымен Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Осакаров кенті әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "10" маусымдағы № 242 шешіміне 2-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көше атауы, көп пәтерлі тұрғын үй нөмірі | Көше, көп пәтерлі тұрғын үй өкілдерінің саны |
1 | Абая көшесі | 1 |
2 | Ақжар көшесі | 1 |
3 | Алаш көшесі | 1 |
4 | Беслан Аушев көшесі | 1 |
5 | Астық тұйық көше | 1 |
6 | Ыбырай Алтынсарин көшесі | 1 |
7 | Бейбітшіліқ көшесі | 1 |
8 | Бақшалы көшесі | 1 |
9 | Хайрулла Байғабылов көшесі | 1 |
10 | Әлихан Бөкейханов көшесі | 2 |
11 | Болашақ көшесі | 1 |
12 | Бүйректал көшесі | 1 |
13 | Восточная көшесі | 1 |
14 | Николай Воронин көшесі № 2; 4; 6;10 көп пәтерлі тұрғын үйлер | 1 |
15 | Гагарин көшесі № 3; 5; 19; 20; 22; 24; 26; 28; 30; 33 көп пәтерлі тұрғын үйлер | 1 |
16 | Дальний тұйық көше | 1 |
17 | Достык көшесі | 1 |
18 | Железнодорожная көшесі № 29, № 30 көп пәтерлі тұрғын үйлер | 1 |
19 | Жамбыл көшесі | 1 |
20 | Жібек жолы көшесі | 1 |
21 | Жеңіс көшесі | 1 |
22 | Заготзерновская көшесі | 1 |
23 | Западная көшесі | 1 |
24 | Индустриальная көшесі | 1 |
25 | Қарағанды көшесі | 2 |
26 | Шәмші Қалдаяқов көшесі | 1 |
27 | Геннадий Карапиди көшесі | 1 |
28 | Көркем тұйық көше | 1 |
29 | Космическая көшесі | 1 |
30 | Күншуақ көшесі | 1 |
31 | Клубная көшесі | 1 |
32 | Линейная көшесі | 1 |
33 | Луговая көшесі | 1 |
34 | Мирная көшесі | 1 |
35 | Молодежная көшесі | 1 |
36 | Моторная көшесі | 1 |
37 | Надречная көшесі | 1 |
38 | территория Нефтебазы | 1 |
39 | Сарыарқа көшесі | 1 |
40 | Озерная көшесі | 1 |
41 | Осенняя көшесі | 1 |
42 | Охотская көшесі | 1 |
43 | Пацаева көшесі | 1 |
44 | Полевая көшесі | 1 |
45 | Привокзальная көшесі | 1 |
46 | Придорожная көшесі | 1 |
47 | Пристанционная көшесі | 1 |
48 | Профсоюзная көшесі | 1 |
49 | Раздольная көшесі | 1 |
50 | Родниковская көшесі | 1 |
51 | Сарыбұлақ көшесі | 1 |
52 | Северная көшесі | 1 |
53 | Сельхозснабская көшесі | 2 |
54 | Степная көшесі | 1 |
55 | Строительная көшесі | 1 |
56 | Сұңқар көшесі | 1 |
57 | Александр Ткач көшесі | 1 |
58 | Фабричная көшесі | 1 |
59 | Школьная көшесі | 2 |
60 | Шәкерім көшесі № 1; 7; 9; 13 көп пәтерлі тұрғын үйлер | 1 |
61 | Щетке-булак көшесі | 1 |
62 | Элеваторная көшесі № 16; 18; 22; көп пәтерлі тұрғын үйлер | 1 |
63 | Юбилейная көшесі | 1 |
64 | Южная көшесі | 1 |
Жиыны | 68 |