Осакаров аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 17/159 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 563 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Саккулаков

  Осакаров аудандық мәслихатының
2024 жылғы "28" ақпандағы
№ 17/159
шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 242 " Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімі.

      2. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 300 "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімі.

      3. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 321 "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады